Түркістан облысы: Сауран аудандық мәслихатының бірлескен тұрақты комиссиясының отырысы өтті

Сауран ауданы әкімдігі аппаратының мәжіліс залында аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті. Комиссияны Сауран аудандық мәслихатының хатшысы Мейрамбек Күнпейісов ашып жүргізіп отырды. Жиналысқа аудандық мәслихат депутаттары мен аудан әкімінің орынбасары, дербес бөлім басшылары мен ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Комиссия отырысының күн тәртібіне сәйкес, Жаңа Иқан ауылдық округі әкімі Т.Абдаев 2022 жылдың осы кезеңіне дейін атқарған жұмыстары туралы есеп берді. Ауылдық округ әкімінің мәлімдеуінше Жаңа Иқан ауылдық округі Сауран аудан орталығынан 75 шақырым қашықтықта орналасқан. Екі елді мекеннен құрылған, яғни Ибата және Ойық. Ойық ауылы орталықтан 20 шақырым қашықтықта. Одан басқа, Қызыл-Ту, Ақтөбе, Нұра учаскелері бар болса, оларда малшылар, маусымдық жұмысшылар қоныстанған. Нұра учаскесінде суармалы егістік жерлердің 62 пайызы, яғни 2600 га жер орналасқан, ол орталықтан 45 шақырым қашықтықта. Жалпы, халық саны 7810 адам, Ибата ауылында 1054 отбасы, 7596 адам, Ойықта 39 отбасы, 214 адам тұрады. Олардың ішінде қазақтар — 1278 адам, 16,4%, өзбектер – 6505 адам, 83,3%, өзге ұлт өкілдері — 27 адам, 0,3% құрайды.

Жаңа Иқан ауылдық округі бойынша жұмысқа қабілетті 2958 адамнан 1733 адам ауыл шаруашылығымен айналысады. Ауылдық округі әкімі аппаратында 22, білім беру саласында 310, денсаулық саласында 41, бала бақшада 40, тағы басқа салаларда 812 адам жұмыс атқаруда. Демография бойынша ауылда 2022 жылдың 8 айында 134 бала өмірге келген. Ауылдық округті абаттандыру және инфрақұрылым жұмыстары бойынша Ибата елді мекенінің орталығындағы «Парасат» бауына, өзен және көше бойларына көшеттер отырғызылған. Ауылда әр апта сайын сенбілік ұйымдастырылып көше бойлары, арық-атыздар тазартылып ретсіз күл-қоқыстар шығарылады. Ауылдық округі бойынша сенбіліктер тұрақты түрде ұйымдастырылады. Ибата елді мекеніндегі жалпы 7 көшеге 21 жол белгілері орнатылған. Ибата елді мекеніндегі Құмкент, Э.Нигматуллаев, Бостандық, көшелеріне 4 дана бағдаршам орнату, Ибадулла ата, Т.Ахметов, Сейтмұрат Болыс көшелеріне орташа жөндеу, Әл-Фараби көшесіне тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан соң мәжілістің күн тәртібіне сәйкес, Ескі Иқан, Шаға ауылдық округі әкімдерінің 2022 жылдың осы кезеңіне дейін атқарған жұмыстары туралы ауыл әкімдері Д.Саитов, А.Нарынбетов, Сауран аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №74 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Сауран аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы И.Мырзахметов, Сауран аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Сауран аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әлібек Құрышбаев хабарлама жасады. Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар айтылып, баяндамашыларға депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, оған жауаптар берілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.