Түркістан облысы: Сауран ауданында жас мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдады

Сауран ауданы әкімдігі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Құдияровтың төрағалығымен мәжіліс болып өтті. Онда Сауран ауданы бойынша жаңадан мемлекеттік қызметке қабылданған азаматтар ант қабылдады.

Атап айтар болсақ, Бабайқорған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ж.Алдаш, Шорнақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ғ.Рашев, Шаға ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Е.Файзуллаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Қ.Мирзараймов көпшілік алдында ант қабылдады.

Аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Құдияров жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік қызметтің маңызы мен жауапкершілігі туралы түсіндіріп, олардың жұмысына табыс тіледі. Сонымен қатар, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Р.Темірханұлы да мемлекеттік қызметті атқарудағы талап тілектерін айтып, ең бастысы халықтың қызметшісі екенін жеткізіп, сол бағытта жұмыс жүргізуге шақырды.

Сөздің реті келгенде, Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ант беру қағидаларына тоқталып өтсек.

  1. Жалпы ережелер
  2. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мемлекеттік әкімшілік қызметке тұңғыш рет кіре отырып, ант береді.
  3. Мемлекеттік қызметті тоқтатқан адамдар мемлекеттік әкімшілік қызметке жаңадан кіре отырып, антты қайтадан береді.
  4. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымға тағайындалған немесе сынақ мерзімінен табысты өткен күнінен бастап бір ай ішінде ант береді.
  5. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мемлекеттік органның басшысына немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды адамға ант береді.
  6. Егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгедей шешім қабылдамаса, «А» корпусының мына мемлекеттік әкімшілік қызметшілері: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысына – орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары; облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкiмдерiне – облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкiмдері аппараттарының басшылары; облыстық маңызы бар қалалардың (облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдерін қоспағанда), облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері ант береді.
  7. Орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары тиісті орталық атқарушы органның басшысына немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды адамға ант береді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының басшысы және оның орынбасарлары Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысына немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды адамға ант береді. Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссияларының төрағалары және мүшелері облыс, астана, республикалық маңызы бар қала мәслихатының сессиясында ант береді. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері облыстар аудандарының әкімдеріне ант береді.

  1. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің ант беру тәртібі
  2. Ант салтанатты жағдайда мемлекеттік орган басшысының немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды адамның не осы Қағидалардың 5 және 6 тармақтарында көрсетілген адамдардың, сондай-ақ тиісті мемлекеттік орган (құрылымдық бөлімше) қызметкерлерінің қатысуымен қабылданады. Ант беру рәсіміне өзге де лауазымды адамдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
  3. Белгіленген уақытта мемлекеттік орган басшысы немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды адам не осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген адамдар, тиісті мемлекеттік органның (құрылымдық бөлімшенің) қызметкерлері, шақырылған лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Мемлекеттік Ту және Мемлекеттік Елтаңба орнатылған үй-жайға жиналады.
  4. Ант беру салтанаты мемлекеттік орган басшысының немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды адамның не осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген адамдардың кіріспе сөз сөйлеуімен басталады. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) өкілі мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді шақырып, оларға ант мәтіні бар бланкілерді тапсырады. Содан кейін әрбір ант беруші мемлекеттік әкімшілік қызметші жиналғандардың алдында ант мәтінін мемлекеттік тілде не орыс тілінде оқиды.

Ант берілген күні көрсетілген, мемлекеттік әкімшілік қызметшінің қолы қойылған ант мәтіні бар бланк оның жеке істері материалдарында сақталады. Ант берілгеннен кейін мемлекеттік органның басшысы немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды адам не осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген адамдар, сондай-ақ шақырылған лауазымды адамдар (соңғылар – қалауы бойынша) құттықтау сөз сөйлейді. Ант беру рәсімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаумен аяқталады, қатысушылар оны орнынан тұрып айтады (тыңдайды), бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматтары оң қолын жүрек тұсына қояды.

  1. Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің қызметтік тізіміне ант бергені туралы тиісті жазба енгізіледі.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.