Түркістан облысы: Сауран ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға байланысты отырыс өтті

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның отырысы болып өтті. Жиналысқа комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлімдер және тиісті сала басшылары қатысты.

Комиссияның отырысында 4 мәселе қаралды. Атап айтсақ, 2024 жылы өрт қауіпті кезеңде аудан аумағындағы орман, дала өрттерінің алдын алу және дер кезінде сөндіру жұмыстарын ұйымдастыру, мемлекеттік өрт сөндіру бөлімшелері құрылмаған шалғай жатқан елді мекендерде жергілікті бюджет қаржысы есебінен өрт сөндіру бекеттерін құру мәселесі айтылды.

Бұдан бөлек, аудан азаматтарының жазғы шомылу маусымында су нысандарында қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы, төтенше жағдайларды жою кезінде күштер мен құралдарды басқару, авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарын құру, іс-қимылдар мен өзара әрекеттесу жоспарлары, халықты төтенше жағдай орын алған аймақтан көшіру туралы осы аталған мәселелер бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Мұхтар Қуанышбаев баяндама жасады. Сонымен қатар, дала орман тоғай өрттеріне дайындығы жөніндегі «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің арнайы өкілі хабарлап өтті.

Жиынды қорытындылыған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров барлық ауылдық округ әкімдеріне төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесе отырып, дала өрттері мен жазғы шомылу маусымындағы су нысандарына тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстарды шұғыл түрде жүргізуді тапсырды.

Мұнан өзге аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен ауданның апталық мәжілісі де болып өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, кеңесшілері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Онда «Таза Қазақстан» акциясының аудан аумағында орындалуы туралы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Самат Рысбеков, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы аудан әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ләззат Халмуратова, облыстық хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы бойынша ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы Айдос Байжанов баяндама жасады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Самат Рысбековтің мәлімдеуінше, Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы бастау алған болатын. Осы акцияға сәйкес, аудан әкімінің 13 сәуірмен 11 мамыр аралығында 5 кезеңнен тұратын іс-шара жоспары бекітіліп, орындау бойынша ауылдық округтермен барлық мекемелерге жолданған. Олар: «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ».

Акция аясында барлық ауылдық округтерде орналасқан ардагерлер аллеяларының аумағын және ардагерлер мен қарттар үйлерінің аумақтарына тазалық, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілуі тиіс. Сондай-ақ, облыстық энергетика басқармасы тарапынан атқарылған жұмыстар көлемі пайыз түрінде есептелініп, тексеру жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.

Мәжілісті қорытындылыған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында осы аптадағы «Өнегелі ұрпақ» апталығында белсенді жұмыс істеуді тапсырды.

Сонымен қатар аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен әкімдік мәжілісі болып өтті. Мәжіліске әкімдік мүшелері және тиісті сала басшылары қатысты. Әкімдіктің күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Атап өтсек, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жыл басынан бергі атқарып жатқан жұмыстары туралы бөлім басшысы Дәуірхан Асылбек, аудан әкімдігі тарапынан жер беру бойынша қабалданған қаулылардың орындалуы бойынша бөлім басшысы Асылбек Патсаев баяндама жасады.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәірхан Асылбектің мәлімдеуінше бөлімде халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясаты 4 бағытта жүргізіледі. Атап айтқанда еңбек қатынастарын реттеу, аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау, еңбекші көшіп келушілерді тіркеу.

Сауран ауданында халық саны 102247 адамды құрайды. Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес, экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны – 39903, жұмыссыздар саны – 1974 адам. Жалпы, жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрайды. Жұмыспен қамтылған халық құрылымында жалдамалы қызметкерлердің саны – 17444 адам, өзін өзі жұмыспен қамтығандар 20485-ті құрап отырғанын жеткізді.

Әкімдік мәжілісін қорытындылыған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәуірхан Асылбекке аудан көлемінде жұмыссыздықты жою бойынша кешенді шаралар қабылдап, бұл бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тисті шешімдер қабылданды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin