Түркістан облысы: Шәуілдірде жүйелі жұмыстар жалғасын тауып келеді

Аудан әкімі Сәкен Сұлтанхановтың кезекті халықпен кездесу жиыны аудан орталығы Шәуілдір ауылында өтті. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде өткен кездесуде аудан басшысы 1 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауындағы міндеттерге тоқталды.

Ол өз сөзінде биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі – ол қазақстандықтардың табысын арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға, орта және шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, халықтың өмір сүруіне қолайлы, әрі қауіпсіз қоғамдық орта құруға бағытталғанын атап өтті.

Мұнан соң аудан орталығы Шәуілдір ауыл округінде атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларымен таныстырды.

Айта кету керек, ағымдағы жылды аудандық бюджет есебінен Шәуілдір ауылындағы Сәкен Сейфуллин көшесіне асфальт жол төселсе, ауыл округінің 4-ші бюджеті есебінен М.Байтас көшесіне (140 метр) тасжол төселді. Сондай-ақ, 2022 жылы аудандық бюджет есебінен Шәуілдір ауылы Мұхтар Әуезов көшесіне көп функционалды спорттық ойын алаңшасы орнатылып, пайдалануға берілсе, Ж.Жанұзақов көшесінің бойынан балаларға арналған кіші футбол мен волейбол алаңы салынды. Сонымен қатар ауыл округінің 4-ші бюджеті есебінен Тоқтар Әубәкіров (720 метр), Т.Сәрсенбаев және Дербісов көшелері (620 метр) жарықтандырылып, 900 мың теңгеге көпқабатты үйлер аумағына 18 дана қоқыс жәшіктері (контейнер) орнатылды. Мұнан бөлек Жібек Жолы даңғылы бойындағы арка ағымдағы жөндеуден өткізіліп, Нұртас Оңдасынов көшесі бойына егілген тал көшеттері қоршалды. Шәуілдір ауылында атқарылатын жүйелі жұмыстар жалғасын таба беретін болады. Атап айтқанда, 2022 жылдың қыркүйек-қазан айларында бюджет есебінен Шәуілдір ауылындағы Әбдірайымов, Жақсылықова, Тұяқбаев, Сарыжайлау, Мұңайтпасов көшелеріне орта жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Кездесу барысында аудан басшысы тұрғындардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап беріп, өтініштерін тыңдады. Жиында айтылған ұсыныс-пікірлер басты назарға алынып, орындалуы заң аясында оң шешімін табатынын жеткізді.

«ANYQ.KZ»ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.