ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ БІР БАСҚАРМА БОЛАДЫ

Шымкент қаласында жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы құрылады. Жаңа басқарманың мақсаты – табиғи апаттар мен төтенше жағдайлардың алдын алу және оның салдарын жою.

Бүгін сегізінші шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының кезекті төрттінші сессиясы өтіп, онда депутаттар осындай шешім қабылдады. Кезекті төртінші сессия мәслихат төрағасы Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетовтің төрағалығымен қала әкімінің міндетін атқарушы Асылов Қуаныш Жұмабекұлының қатысумен өтті. Сессияға әкімдік мүшелері, аудан әкімдері, құқық қорғау өкілдері, тиісті басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияны Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов ашып, жүргізіп отырды.

Сессия барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты басқа да бірқатар шешімдер қабылданды. Регламентке сәйкес күн тәртібіне енгізілген 23 мәселе талқыланды. Атап айтқанда, депутаттар әкімдіктің Шымкент қаласының 2022 жылғы бюджетінің орындалуы туралы есебін тыңдады. Сонымен қатар Шымкент қаласының 2023 жылғы бюджеті нақтыланды. Бюджет көлемі 29 миллиард теңгеге ұлғайып, 642 миллиард теңге болып бекітілді. 2023-2025 жылдарға арналған нақтыланған қала бюджеті қабылданды.

Халық қалаулылары Шымкент қаласының стратегиялық даму жоспары басым бағыттарының орындалуы мен бірқатар басқармалардың атқарған жұмысы туралы есебін тыңдап, ведомствоаралық сипаттағы комиссиялардың дербес құрамын бекіту, бітқатар азаматтарға «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағын беру және өзге де мәселелер бойынша маңызды шешімдер қабылдады. Жиында cөз алған қала әкімінің міндетін атқарушы Қуаныш Жұмабекұлы мәселелердің маңыздылығын атап өтті.  Сессия соңында мәслихат төрағасы Бахадыр Мәдәліұлы сессияны қорытындылады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.