«ҰЛТТЫҚ ҚОР- БАЛАЛАРҒА» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ БАСТАЛДЫ

Бүгіннен Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы іске асыру басталды. Бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасының барлық кәмілетке толмаған азаматтарына жыл сайын есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташа алынған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50% есептелетін болады. Сонымен бірге жыл сайын осы сомаға инвестициялық кіріс есептеледі.
Осылайша, 2024 жылдың қаңтар айында БЖЗҚ 2023 жылдың 31 желтоқсанының соңындағы жағдай бойынша «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан алынған мәліметтер негізінде нысаналы талаптарға қатысушылардың электрондық тізімін жасайды.
Бұл тізім және ҚР ҰБ-дан Ұлттық қор кірісінің 50% сомасы туралы алынған ақпарат негізінде БЖЗҚ бір балаға арналған 2023 есепті жылдағы нысаналы талаптардың сомасын есептейді және оны өзінің ақпараттық жүйесіне енгізеді.
Нысаналы талаптарға қатысушыларға нысаналы талаптарды есептеу бүгінгі күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Осыған орай тізімдерді төмендегі тәсілдер арқылы тексеруге болады:
*Заңды өкілдерге «электронды үкімет» веб-порталындағы Жеке кабинетінде (www.egov.kz);
*БЖЗҚ-ның интернет желісінен (www.enpf.kz).
Бұған қоса, БЖЗҚ-ның enpf.kz интернет-ресурсында статистикалық ақпарат тұрақты түрде орналастырылады.
Атап айтсақ:
1) нысаналы талаптарға қатысушылар мен нысаналы жиниқтарды алушылардың жасы, жынысы, тұратын өңірлері мен бөлінісі бойынша саны туралы есеп;
2) нысаналы жинақтарды уәкілетті операторлар, өңірлер мен қосалқы мақсаттар бөлінісінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында пайдалану жөніндегі есепті қамтиды.
Айта кетерлігі, бағдарламаға қатысушыларға нысаналы талаптарды есептеу олар 18 жасқа толғанға дейін жыл сайын жүргізілетін болады. Нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды есепке алу АҚШ доллармен жүзеге асырылады.18 жасқа толған кезде нысаналы жинақтарды алушы жинақталған соманы тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында ғана пайдалануға құқылы.
Нысаналы жинақтарды алу үшін нысаналы жинақтарды алушы не оның заңды өкілі БЖЗҚ-мен өзара іс-қимыл туралы келісім жасасқан уәкілетті операторлардың біріне (ЕДБ және «Қазпошта» АҚ) жүгініп,уәкілетті операторда АҚШ долларымен банк шотын ашуы керек.Нысаналы жинақтар төлемін пайдалану мақсатын (тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе білім алуға ақы төлеу) көрсете отырып, нысаналы жинақтар төлеміне өтініш беруі (уәкілетті операторлардың интернет ресурсы арқылы) қажет.
Ескеретін жайт, Қазақстан Республикасының азаматтығынан 18 жасқа толғанға дейін де, 18 жастан кейін де шыққан немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамдар нысаналы жинақтарды пайдалану құқығынан айырылады.
Ал жеке тұлға қайтыс болған жағдайда, нысаналы жинақтар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Қазақстандықтардың назарына!
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақста Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin