«Академик Нестеров» медалімен марапатталған шымкенттік дәрігер

Блюм Елена — жоғары санаттағы балалар мен ересектер дәрігері. Білікті маман 18 жылдан бері офтальмолог болып жұмыс істеп келеді.


Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ол С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін бітірген болса, өз кезінде Алматы қаласындағы көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында сынақ тәжірибиесінен өтіп, біліктілігін арттырған.

Дәрігер жылына көз ауруына шалдыққан 7000 мыңнан аса науқасты емдеп жазады. Жоғары санаттағы медицина маманы TCOD офтальмологтар қауымдастығының мүшесі, ТМД елдерінің жас ғалымдары – «Ғылыми Авангард» тобының мүшесі, Ресей зерттеу қоғамының мүшесі болып табылады. 2017 жылы глаукоманы зерттеуге қосқан үлесі үшін академик А.П. Нестеров медалі берілді.

Офтальмолог-дәрігер көз ауруларын ерте кезеңдерінде анықтап, диагностикалайды, жаңа жабдықтарда жұмыс жасайды. Түрлі көз инфекцияларына арналған манипуляциялар және көз жасы жолдарын емдеумен айналысады. Блюм Е.А. — оптикалық когерантты томография, циклоскопия, офтальмоскопия бойынша маман.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.