Бахадыр Нарымбетов: «Вакцина салдыру – маңызды!»

Ерікті түрде екпе салдырған Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов вакцина жайында осылай пікірін білдірді.


Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.

Шымкентте коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандардың қатары көбейген.

Соңғы тәулік ішінде 6 224 адам вакцина салдырды.

Ерікті түрде екпе салдырғандардың қатарында

Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов те бар.

— Екпе алу арқылы алдымен өзімізді, өз отбасымызды және айналамызды індеттен қорғаймыз. Қазақстандықтардың осындай қарапайым қадамы мемлекет үшін маңызы орасан зор! Нақтылап айтсақ, вакцина қабылдау бұл әр азаматтың ел қауіпсіздігін нығайтуға, карантинсіз жайлы кезең орнығуға қосқан үлесі деп бағалауымыз қажет, — деді Бахадыр Нарымбетов.

Сондай-ақ қалада аудан әкімдіктері мен мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері, кәсіпкерлер мен жергілікті тұрғындар да ерікті түрде вакцина салдыруда.

Бүгінгі таңда коронавирусқа қарсы екпе егілген азаматтардың денсаулығы жақсы. Асқынулар мен басқа да жағдайлар тіркелмеген.

 «ANYQ.KZ» ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

4 Comments

  1. Hey there! Do you know if they make any plugins to help with Search Engine
    Optimization? I’m trying to get my website to rank for some
    targeted keywords but I’m not seeing very good results.
    If you know of any please share. Thank you! I saw similar
    text here: Scrapebox List

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.