Бәйдібек: Ардагерлер ұйымының кезекті ХІІ конференциясы өтті

Аудан әкімдігінің үлкен залында аудандық ардагерлер ұйымының кезекті ХІІ конференциясы өтті.


Конференцияның күн тәртібінде аудандық ардагерлер Кеңесінің жұмысы туралы есеп, аудандық ардагерлер Кеңесінің құрамын сайлау, облыстық ардагерлер ұйымының кезекті есеп беру – сайлау конференциясына делегаттар сайлау туралы 3 мәселелер ұсынылды.

Бірінші болып мандат комиссиясының төрағасы, аудандық білім саласы ардагерлері кеңесінің төрағасы Өркен Тұрлыбеков хабарлама жасады. Одан кейін аудандық ардагерлер Кеңесінің жұмысы туралы аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Бағдат Қалаубай есепті баяндама жасады.

Баяндама аяқталған соң Борлысай ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бейсен Жарқынбаев, Жамбыл ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдіхалық Ағабеков, еңбек ардагері Бақберген Төлешов, аудандық әжелер алқасының төрайымы Әтір Әлиева жарыссөзге шығып, аудандық ардагерлер Кеңесінің 5 жылда атқарған жұмысына қанағаттанарлық деген баға беріп, атқарған жұмыстарын баяндады.

Конференцияға аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков қатысып, қорытынды сөз сөйлеп, ардагерлерге ауданда атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы атқарылатын жұмыстардың жоспарларымен бөлісті.

Конференцияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қаулының жобасы ұсынылып, делегаттардың дауыс беруімен қабылданды. 

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.