Жетісайлық дихан өзі туған ауылына қайырымдылық жасады

Қазақ халқының ең ізгі қасиеттерінің бірі-қайырымдылық.


Адам өміріндегі игі істерінің бірегейі– мұқтаж жандарға қамқорлық жасау екенін бәріміз білеміз. Нендей нәрсеге қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Біреуге қуаныш сыйлап, қажеттілігін өтеу екінің бірінің қолынан келе бермейтін үлкен іс. Ондай ізгі істі, ертеңін ойлап, елдің мұңын өзіндей қабылдайтын жаны жомарт жандар ғана жасай алады. Осы ретте аты-жөнін атамауды өтінген, жаны жомарт жылысулық кәсіпкер өзінің диханшылығынан тапқан табысынан көп балалы отбасыларға, батыр аналарға, жалғыз басты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, асыраушысынан айырылған және толық емес отбасыларға, ерекше қамқорлықты қажет ететін 15 отбасына, жалпы соммасы 300 мың теңге болатын қайырымдылық көмегін көрсетті.

«Жалпы Жылы Су ауылдық округінде аз қамтылған 150 ге жуық отбасыларға, осындай жомарт кәсіпкерлердің арқасында азық-түлік беріліп келеді. Одан бөлек облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының тапсырмасына сәйкес» Қамқорлық » акциясы аясында 9 отбасына ұдайы көмек көрсетіп келеміз. Елге көмек етіп көпке үлгі боларлық іс жасап жүрген азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін» дейді ауыл әкімі Дауылбаев Ермек Қонашұлы. Жалпы Жетісай ауданы бойынша жыл басынан бері мыңға жуық отбасына қамқорлық жасалған.

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.