Келес-Сайлау: Алпамыс батырда сайлау әділ әрі ашық түрде өтуде

Бұл туралы ауылдық округі орталығындағы №349 сайлау учаскесінде тәуелсіз бақылаушы қызметін атқарып отырған азаматтар мәлімдеді.


Аталған сайлау учаскесіне Алпамыс батыр ауылдық округінің Ақжол елді мекенінің тұрғындары өз таңдауын жасауға келуде. Таңертеңнен бері сайлау учаскесіне ағылып келіп жатқан сайлаушылардың қарасы өте көп. Тұрғындар белсенділік танытуда. Көпшілігі отбасымен түгел келіп, кішкентай балаларын да өздерімен бірге ала келген жас ата-аналар өз бюллетеньдерін кабинаға кіріп, белгілеп шыққан соң, бүлдіршіндерінің қолына беріп, урнаға салуға қатыстыруда. Сөйтіп, өз таңдауын жасау арқылы, жанындағы сәбилерін де қоғамда белсенді болып, болашақты таңдауда өз азаматтық көзқарасын ашық білдірудің маңызын перзенттеріне сәби шағынан бастап ұғындырғысы келетіндей.

Биылғы сайлауға ауыл тұрғындары ерекше көңіл- күймен келіп, болашаққа деген үлкен үмітпен қарайтындықтарын, алдағы өмірлерінің жаңаша бағытта, өзгерістерге толы күйде болуын қалайтындарын білдірді. Біз пікірін білуге тырысқан бірнеше Алпамыс батырлық сайлаушы осы туралы айтты.

Халықтың белсенділігі байқалып отырған сайлаудың әділ, ашық, заңды түрде ұйымдастырылып, өткізілуін тәуелсіз бақылаушылар да бақылауда. Олар да сайлау процессін жіті бақылап, оның әділ де ашық болуын, заңдылықтың сақталуын қадағалауда.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.