Кентау қаласына қарасты Байылдыр ауылында дәстүрді берік ұстанатын отбасы бар

Кентаулық ана түліктерден шыққан сүттен табиғи сүт өнімдерін жасап, кәсіп етуде.


Ол — Қанай отбасылары. Отбасының ұйтқысы отағасымен отандасқандарына 40 жылдай болған. Әулеттің ынтымағы мен бірлігін артырып отырған ерлі-зайыпты бірнеше шаруаны дөңгелетіп отыр. Әулеттің асқартауы Әбілдә Қанай малшаруашылығымен айналысады. Онда сиыр, қой, ешкі т.с.с ұсақ малдар бар.

Айгүл апа сол түліктерден шыққан сүттен табиғи сүт өнімдерін жасап, кәсіп етуде. Ерекше әдіспен әзірленетін ірімшік, дәмді сары май, құрт, сүт, айран дайындайды.»Өнімдерді дүкен, базар аралап сатып әуреге түспеймін, өз тұтынушыларым бар. Әр кез сайын алып отырады. Солардың өзінен артылмайды»- дейді ана. Әбілда атамыз бен Айгүл апамыз ауылға сыйлы үлкенге құрметті кішіге ізетті данагөй жандар.

Қанай отбасы бұл ата кәсіпті осыдан 15 жыл бұрын бастаған. Айгүл апа ірімшіктің жасалуын енесінен көріп үйренгенін айтады. Уақыт өтіп, жасай келе тәжірибеде жинап бұл істің қазір хас шебері болған. Ірімшіктің өзінің жасалу түрлері мен техникалары бар. Бұл тағамды жасауға жарты күн уақыты кетеді екен.

Айгүл апа 2-ші топ мүгедектікпен тіркелген. Соған қарамастан ұлттық тағамдарды әзірлеуден басқа құрақ құрап, көрпеше тігеді. Әртүрлі оюлармен әрлеп өзінің талғамымен жасайды. «Қызығып тапсырыс беретіндер бар. Алайда, тігіншілікке уақытым жоқ. Ұлттық тағамдарды жасап, үй тіршілігімен жүремін. Тігін тігуді, өзіме демалу үшін жасаймын. Бала кезімнен тігіншілікке құмармын» дейді еңбекқор ана.

Әбілда ата мен Айгүл апаның 2 ұлы бар. Олар бүгінде отбасын құрап, әр салада өз мамандықтарымен қызмет етуде.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.