Ордабасы ауданы: Амангелді ауылында медициналық туризм дамып келеді

Ордабасы ауданы әкімі Бағлан Батыршаев Қажымұқан ауылдық округіне қарасты қоқыс өңдеу зауытының жобасымен танысты.


5 гектар аумақты алып жатқан полигон аймағын аралаған аудан басшысы зауыт әкімшілігіне тұрмыстық қалдықтардың іргелес ауылдарға залал келтірмеу жағын баса қадағалауды тапсырды. Сондай-ақ, жаңа технология көмегімен қоқысты сұрыптап, өңдеу арқылы экологиялық таза өнім шығару жағын да тілге тиек етті.

Зауыт жауаптылары аудан әкіміне сенімгерлік жолымен жалға алынған аумақта күл-қоқыс өңдеу зауытын заман талабына сай жаңғырту мақсатында дайындалған генплан жобасын көрсетті.

Аудан әкімі тапсырыс беруші «Саяжай бастау» мекемесіне зауытта өрт қауыпсіздігін сақтау үшін инфрақұрылымды жүйелеуді айтып өтті. Мұнан соң аудан әкімі Амангелді ауылындағы медициналық туризм орталығы — «AMANKELDI» шипажайына барып, емдік сауықтыру кешенінің қызмет көрсету сапасын көрді.

Шипалы демалыс орнының әлеуетін дамыту, келушілер санын арттыру бағытында «Санаторий Қайнар» мекемесінің мамандарымен кеңесті.

Емдік арасан қызметкерлерінің айтуынша шипажайдың суы атеросклероздық қабыну сипатындағы жүрек-қантамыр жүйесі аурулары, орталық және аймақтық жүйке жүйесі аурулары, қабыну және дегенеративті сипаттағы тірек-қимыл аппараты аурулары және тері ауруларына ем.

Тіпті, шипалы суды күнделікті тұтынған жағдайда ас қорту мүшелеріне, ремиссия кезіндегі несеп-жыныс жүйесіне, зат алмасу және эндокрин жүйесіне, ауыр металдардан уланғандарға пайдалы екен.

Сапар барысында аудан басшысы Амангелді ауылындағы күрделі жөндеуден өткен мектептің жаңа оқу жылына дайындық барысын пысықтады. Тұрғындар ауылды инфрақұрылым мәселесі мазаламайтындығын, қысқы мал азығының толығымен жиналғандығын мәлімдеді.

Мұнан соң Батыс Еуропа-Батыс Қытай автодәлізіндегі Қарауыл төбе кешеніне барған аудан басшысы ондағы абаттандыру жұмыстарының жоспарына қанықты. Әрі салалық бөлім басшыларына кешен айналасын саяхатшылар мен жолаушылардың жайлы демалыс аймағына айналдыру үшін ағаш отырғызуды тапсырды.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.