Отырар ауданы: «Суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары және орман алқаптарын тілсіз жаудан сақтау» мақсатында жиын өтті

Ауданық төтенше жағдайлар бөлімі ғимаратында «Суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары және орман алқаптарын тілсіз жаудан сақтау» мақсатында жиын өтті.


Жиынға Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Ақпараттандыру, цифрландыру жəне байланыс бөлімшесінің аға инженері азаматтық коргау аға лейтенанты Шəріп Асқар Рысбекұлы және Отырар ауданық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы азаматтық қорғау капитаны Мейрамхан Кемелханов, Отырар аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Нұрымбет Байұзақұлы, жергілікті полиция қызметкерлері, ауыл округ әкімдіктерінің өрт қауіпсіздігіне жауапты мамандар қатысты.

Жиын барысында М.Кемелханов қатысушыларды 2021 жылғы суға шомылу маусымындағы облыста орын алған маңызды ақпарлар беріп және төтенше жағдайды алды-алу бойынша алдағы кезеңге қойылған мақсаттар мен міндеттер туралы таныстырды.

Сонымен қатар өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында аудан аумағында орналасқан барлық ауыл округі әкімі аппаратарындағы мамандарға жауапкершілік жүктеліп, су айдындарының қауіпті және қорғалмайтын учаскелерінде (табиғи жағажайлар) жасақтары мобильді группа құрылып кезекшілік ұйымдастырылды. Осы мақсатта мамандарға аудандағы тұрғын үйлерді аралап «Суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары және орман алқаптарын тілсіз жаудан сақтау» мақсатында дайындалған ереже-жаднамаларды таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша міндеттер жүктелді.

Жиын соңында басқа да ұйымдардың өкілдері өз ұсыныстарымен сөз сөйлеп және жиналыс қорытындысы бойынша шешімдер қабылданып, аудан тұрғындары мен демалуға келген қонақтардың суға шомылу кезіндегі қауіпсіздігі мәселесіне назар аударып, осы бағытта тыңғылықты жұмыстар жүргізуді тапсырды.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.