Сайрам ауданындағы қоғамдық көліктер қызметінің сапасын көтеру назарда тұр

Түркістан облысы, Сайрам ауданындағы қоғамдық көліктер қызметінің сапасын көтеру назарда тұр. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» заңына сәйкес, қоғамдық көліктердің қызмет сапасын және техникалық жағдайын жақсарту үшін субсидиялау қажет. Осы мәселені түпкілікті шешу мақсатында 2020 жылдың желтоқсан айында облыстық мәслихаттың шешімімен Сайрам ауданы бойынша 5 ауданішілік әлеуметтік маңызы бар бағыттар қайта айқындалған болатын.  Осы бағыттар тасымалдаушы мекеме тарапынан өз шығындарын ақтай алмайтындар қатарына қосылғандықтан, әлеуметтік маңызы бар бағыттарға 2021 жылы субсидия қарастыруға 6,0 млн теңгеге ұсыныс енгізіліп, қазіргі таңда тасымалдаушы мекеме «ЯНС» ЖШС мен аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен 15.06.2021 жылы келісім шарт түзілген.

Атап айтқанда, бұл бағыттар:

  1. «Ақсукент-Аққала»
  2. «Ақсукент-Қорғаншы»
  3. «Ақсукент-Манкент айналма жол»
  4. «Ақсукент-Ақсу аурухана»
  5. «Ақсукент-Емхана» бағыттары

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.