Түркістанда 25 бригадаға арналған облыстық жедел жәрдем станциясы салынады

Түркістан облысының әкімдігі мен «Қазақстандық-Француздық «КАТКО» бірлескен кәсіпорны» ЖШС Түркістан қаласында 25 бригадаға арналған облыстық жедел көмек станциясын салу туралы меморандумға қол қойды.


Оның құрамына кардиологиялық, педиатриялық, реанимациялық-хирургиялық, неврологиялық, психиатриялық, токсикологиялық бригадалар болады. Жедел жәрдем станциясы жылына 70 000 шақырыруға шыға алады.

«Бұл жобаның мақсаты — Түркістан қаласы мен оған іргелес жатқан елді мекен тұрғындарына уақытылы жедел медициналық көмек көрсету болып. Мұнда ересектер мен балаларға тәулік бойы тегін жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетіледі»,-деді өз сөзінде Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай.

Айта кетейік, жобаның технологиялық бөлігі әкімшілік-тұрмыстық корпусты, орталық зарарсыздандыру бөлімшесі ғимараты мен кір жуатын орынды, 25 арнайы медициналық көлікке арналған гараж бен бақылау-өткізу пунктін қарастырады. Жобаның технологиялық шешімдері нысанның қызметін, оның қауіпсіздігі мен барлық нормативтік талаптардың орындалуын толығымен қамтамасыз етеді.

Жедел жәрдем станциясының жалпы жер аумығы 2,2 гектарды құрайды. Тапсырыс беруші — Түркістан облысының құрылыс басқармасы. Жобаның жалпы құны — 1,483 млрд. теңге. Құрылыс бойынша бас мердігер «А-Спецстрой» ЖШС-гі. Жедел жәрдем станциясының нысаны 2021 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.