Түркістан: Арыста эпидемиологиялық ахуалдың жай-күйі талқыланды

Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекованың тапсырмасына сәйкес, Арыс қаласы әкімдігінде үйлестіру кеңесінің мәжілісі өтті.


Әкім орынбасары Р.Айтбаев жетекшілік еткен жиында қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың жай-күйі талдап, талқыланды.

Арыс қаласындағы коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы атқарылып жатқан жұмыстар туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Н.Құлмұратов пен Арыс аудандық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары Л.Исаев және «Тораптық аурухана» өндірістиік кооперативінің директоры З.Әбутәліп атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Сала мамандарының хабарламасына сәйкес, Арыс қаласында жыл басынан бері коронавирустық инфекцияның 132 жағдайы расталған. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны – 24.

Сондай-ақ, симптомдарымен – 59 жағдай, ал симптомдарсыз – 73 жағдай. Бұл дерек, тіркелген 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш 181,6 пайызды құрайды.

Қазіргі кезде науқастардың 84-і сауығып шығып, 46 емделушінің 27-сі симптомдардың болмауына байланысты үй оқшаулауында. Ал 19 науқас Арыс пен Сайрам ауданындағы инфекциялық госпитальде стационарлық ем алуда.

Қала әкімі Г.Құрманбекованың тапсырмасына орай, бүгінгі таңда коронавирустық инцекцияның алдын алу мен таралу жағдайларын болдырмау мақсатында халық көп шоғырланатын жерлерге, оның ішінде маска кию мен арақашықтықты сақтау, дезинфекциялық шаралар жүргізіліп, коронавирусқа қарсы екпенің маңыздылығы туралы түсіндіру шаралары қолға алынды.

Карантин режимін бұзған тұлғаларға шара көру мақсатында жыл басынан бері 367 баянат жазылған. Соның нәтижесінде, 172 жеке тұлға мен 8 кәсіпкерге, жалпы 180 айыппұл салынған.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.