Түркістан: Бәйдібек ауданында «Тау шыңы» демалыс лагері өзінің маусымдық жұмысын бастады

Бәйдібек ауданында «Таушыңы» демалыс лагері өзінің маусымдық жұмысын бастады.


Табиғаты тамаша Қаратау баурайында орналасқан лагерьге келген демалушы бүлдіршіндерді аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев құттықтап, лагерь ұжымына алғысын айтты.

Құттықтау сөзінде Бағдатбек Предебайұлы лагердегі демалушы балалардың қуаныштарымен бөлісіп, аудандағы дербес бөлім басшылары Бақыткүл Тиындықова, Ерғали Есмырзаев, ауылдық округі әкімдері Елдос Бөриев, Өмірзақ Қарабеков және аудандық мәслихаттың депутаттары Дәуір Ахатаев, Шыныбек Мұңашев екінші маусымдағы бүлдіршіндерді өз қаражаттары есебінен облыс орталығы түрленген Түркістан қаласына саяхат жасауға апаратындығын және бұл үрдіс жалғасын табатындығын жеткізді.

Лагердің маусымдық ашылуында демалушы бүлдіршіндер арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын ұсынып, әннен шашу шашып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Барлық карантиндік талаптар сақтала отырып, мұнда биылғы жаздағы әр ауысымда 60 баладан, жалпы маусымда (8 ауысымда) 480 оқушы дем алатын болады. Онда әкімшілік бөлмесінен бөлек асхана, дәрігерлік бөлме, одан бөлек оқушылар тынығып, дем алатын бөлме жұмыс жасайды. Сонымен қатар лагерьде волейбол, баскетбол, кіші футбол алаңдары, ашық жүзу бассейіні де бар.

«Таушыңы» демалыс лагерінде көпбалалы отбасылардың балалары, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен үздік оқушылар тегін демалуда. Демалушы балалармен 3 тәрбиеші, музыкант, дене шынықтыру жетекшілері жұмыс жасауда. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.