Түркістан: Бәйдібек ауданында абаттандыру жұмыстары қарқын алған

Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков аудан орталығындағы абаттандыру жұмыстарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын пысықтады.


Бұл туралы Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Биыл және алдағы жылы атқарылатын бірқатар жобаларды сала басшыларымен талқылап, жауапты тұлғаларға нақты тапсырма жүктеді. Бірінші кезекте сапаға басты назар аударуды ескертті. Аудан басшысы орталықтағы абаттандыру жұмыстарымен қатар көгалдандыру жұмыстарын да жүзеге асыруды міндеттеді. Әрбір берілген тапсырманы мерзімінде аяқтау үшін, жұмысты ширатуды тапсырды.

Жалпы қазіргі таңда Шаян ауылының кіре берісіндегі көше бойы абаттандырылуда. Жаңадан балалар ойын алаңшасы мен кіші футбол алаңы бой көтеріп, көше бойларына тұрғындар демалып отыратын арнайы орындықтар қойылған. Жаңадан монументтердің құрылысы жүргізілуде. Қ.Сыпатаев пен М.Әуезов көшесінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласынан балалар ойын алаңшасының құрылысы жүргізіліп, жолына асфальт төселуде. Бәйдібек Қарашаұлы көшесінің бойындағы ескірген суағарлар алынып, жаңартылуда.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.