Түркістан: «Ел тірегі – Елбасы» атты акциясы жалғасын табуда

Жетісай ауданында «Ел тірегі – Елбасы» акциясы аясында 146 отбасыға қамқорлық көрсетілді.


Еліміздің барлық өңірлерінде өткізіліп жатқан игі шараның бірінші кезеңіне аудандағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы қиын қаржылық жағдайға тап болған аз қамтылған, көпбалалы, сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар балаларды өсіріп отырған 98 отбасы қатысса, бұл жолы қала, кент, ауылдық округтерден 146 отбасы қамтылып отыр. Әр отбасыға күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және тәттілер салынған 50 келіден азық-түлік қораптары үлестірілді.

«Өңірлердегі табысты кәсіпкерлер мен қайырымдылық ұйымдарының демеушілігімен бастау алған «Халық» Қайырымдылық Қорының «Ел тірегі – Елбасы» акциясы бүгінде қызу қолдауға ие болып, жалғасын тапты. Топтастырылған азық-түлік себеттері тағдырдың түрлі қиындықтарына тап болған отбасыларға үлестірілуде. Өзінде барды өзгемен бөлісіп, қолұшын созған азаматтарға айтар алғысымыз шексіз. Аталмыш шара арқылы қайырымдылықтың қазақы қанымызға сіңген қасиет екеніне тағы да бір рет көз жеткізіп отырмыз» дейді Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов.

Айта кетейік, «Халық» Қайырымдылық Қоры Қамқоршылар кеңесінің шешімімен «Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» акциясының бірінші кезеңінде республика бойынша 15 мың мұқтаж отбасылар қамтылса, екінші кезеңде 20 мың отбасы жалпы құны 500 млн теңгені құрайтын азық-түлік себеттеріне ие болып отыр.

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.