Түркістан: Жетісайда 80 пәтерлі 4 үйдің құрлысы аяқталуға жақын

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Ертаев Сырым Махамбетұлы Жетісай ауданында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.


Депутат бірінші кезекте «Ақ алтын» мақта корпорациясында болып ондағы жұмыстармен танысып, шаруалармен кездесу өткізді. Кездесуге Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы , облыстық мәслихаттың депутаты Тимур Қырықбаев және аудандық мәслихаттың депутаттары, ауыл шаруашылығы саласындағы шаруа қожалықтарының басшылары, және кәсіпкерлер қатысты.

Сырым Ертаев кездесу барысында Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің жұмысы және алда тұрған міндеттері туралы баяндама жасады. Және ауылшаруашылығын қолдау бойынша мемлекеттен берілетін жеңілдіктер мен олардың алу жолдарын айтып өтті. Өзекті ойлар ортаға салынып ашық пікірлер айтылған жиында Жетісай ауданының бірқатар шаруа қожалықтарының төрағалары аграрлы сала бойынша өз ұсыныстарын жеткізіп, шаруалардың көкейінде жүрген түйткілді мәселелер баяндалды.

Сонымен қатар, Жетісай қаласында орналасқан орталық емханасына барып, науқастарға қажетті құрал-жабдықтар, аппараттар және басқа да дәрілік, материалдық кем-кетіктер жайлы сұрап, алдағы уақытта емханаға қажетті жабдықтар бойынша емхана ұжымымен тікелей тілдесіп, науқастарға барынша жағдай жасалынуы керектігін айтты.

Парламент мәжілісінің депутаты Жетісай қаласын ұлғайту мақсатында берілген 80 гектар аумақта салынып жатқан тұрғын-үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазір мұнда 5 қабатты 60 пәтерлі 2 үй, 2 қабатты 80 пәтерлі 4 үйдің құрлысы аяқталуға жақын. Аталған үйлердің құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін біту жоспарланған.

Мәжіліс депутаты өңіріміздің өзге де тыныс-тіршілігімен танысып, ауданның әсіресе әлеуметтік нысандарын іске қосуға мүмкіндігінше қолдау көрсететіндігін атап өтті.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.