Түркістан: Келестіктер мыңнан аса сығымдалған шөпті Маңғыстауға жіберуде

Биыл еліміздің бірқатар аймағында күннің ыстығы сақталды. Салдарынан төрт төліктің қыстық азығы дайындау қиынға соғуда.


Әсіресе, Маңғыстау, Қызылорда облыстарындағы жағдай тым күрделі. Жергілікті шаруаларға Түркістан облысының Келес ауданындағы азаматтар да көмек беруде.

Құрмет Талапқазының бастамасы талай жанды бейжай қалдырмағаны мәлім. Осы орайда Келес ауданының еріктілері, жастары және шаруалары қауымы бастаманы қолдап, бүгін мыңнан аса сығымдалған шөпті Сарыағаш ауданындағы темір жол бекетіне жеткізді.

Көктем мезгілінде жауынның аз болуына байланысты Келес өңірінде де жағдай мәз емес. Дегенмен аудан халқының бейнеткештігінің арқасы, қала берді қуаңшылыққа алдын-ала қамтанып, шөпті дақылдарының көптеп егілуіне байланысты келестік шаруалар мал азығын қажетінше жинап үлгеруде.

Мал азығы, яғни жоңышқа өнімі де басқа өңірлерге қарағанда жер белдеуіміз қолайлы климатта орналасуының нәтижесінде 4-5 орымға дейін оруға мүмкіндігіміз бар дейді мамандар. — Қазақтың кемеңгер ақыны Абай Құнанбайұлы айтқандай «Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең істің бәрі бос» демекші, қиын-қыстау кезеңде батыстық ағайындарға көмек беру алдымен адами борышымыз екенін елге көрсеткіміз келеді, — дейді атын атамауды өтінген келестік шаруалар. 

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.