Түркістан: Кентауда «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» табысталды

Кентау қаласында алтынқұрсақта аналарға «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» табысталды. Бұл туралы Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Кентау қаласы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында «Ана — тіршіліктің тірегі» тақырыбында кездесу өтті.

 Карантин талаптары сәйкес санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылды. Жиында қала әкімі аппаратының басшысы Амалбек Өміртай алғашқы құттықтау сөз алып,ардақты аналарға ақжарма тілегін жеткізіп, оларға зор денсаулық тіледі.

Содан кейін көпбалалы аналарға «Алтын алқа» мен «Күміс алқаны» табыстады.

Бүгінде ұрпағының санын арттырып, ел демографиясына үлес қосқан ақ жаулықты үш анаға алтын алқа, жиырма сегіз анаға күміс алқа табыс етілді.

Қазақ халқы әрқашан отбасылық құндылықтарды жоғары қойған. Әсіресе, алтын құрсақты аналарды халқымыз ерекше қадірлейді. Отбасының алтын діңгегі болып, тағылымды тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын жалғауда аналарымыз.

Аналардың құрметіне арналған іс-шара қала өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.