Түркістан: Облыс тұрғындары 1000 адамға арналған жаңа спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі

Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы аясында 24 нысаналы индикатор қарастырылған.


Кешенді бағдарламаның орындалу барысы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық жиында ортаға салынды. Өңір басшысы жоспарланған индикаторларға қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында жауапты тұлғаларға тапсырмалар берді.

Жиында шикізаттық емес экспорт көлемінің өсуі, өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына инвестициялар тарту, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің өсуі, сатып алудағы жергілікті қамту үлесін ұлғайтудың орындалуы талқыланды. 6 айдың қорытындысы бойынша жоспар артығымен орындалған. Ауыл шаруашылығында жыл басынан бері егін егу, маусымдық көкөніс пен жеміс-жидек өндірісінде атқарылып жатқан жұмыс көлемін ескере отырып, жоғары индикаторға қол жеткізуге толық мүмкіншілік бар. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі артқан.

Бір адамға шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз етілуі жүзеге асады. «Пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының жалпы ауданы 643,4 мың шаршы метрді құраған. Облыс бойынша 100-ге жуық көп қабатты тұрғын үй салуға 50 млрд. теңгеге жуық қаржы қаралған. Облыс тұрғындары 1000 адамға арналған жаңа спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 70 ауылдық елді мекенде 302 жобаны іске асыруға 14,8 млрд. теңге қарастырылды.

Биыл 54 электрмен жабдықтау саласы жобаларына 8,5 млрд. теңге бағытталып отыр. 7 нысанның құрылысын аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарланған. Нәтижесінде жыл қорытындысымен 13 елді мекен немесе 14 мыңға жуық тұрғын сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілетін болады. Елді мекендерде ауыз сумен жабдықтау жұмысы жүргізілуде. Биыл 60 жаңа нысандарының құрылысына бюджеттен 12,7 млрд.теңге бөлінді. Жыл қорытындысымен жалпы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған елді мекендер саны 717-ге жетіп, 1,9 млн. адам қамтамасыз етіледі. Биыл 14,2 млрд.теңгеге 89 газбен жабдықтау нысандарының құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, 24 нысанды биыл пайдалуға тапсырып, 21 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарланған. Жыл соңына дейін жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 81,4%-ға жетеді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.