Түркістан: Сайрамда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Жәрмеңкеге 98 мекемеден 206 бос жұмыс орындары ұсынылып жалпы 63 адам қатысты.


Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен санитарлық талаптарды сақтай отырып «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Жұмыс берушілер, Полиция басқармасының қызметкерлері, Жеке сот орындаушылар, Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің өкілдерімен 2021 жылы 07 шілдеде жұмыссыздарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, алимент төлеуші борышкерлерге, пробация есебінде тұрған адамдарға және қарулы күштер қатарына келісім-шарт бойынша жұмысқа орналасатын адамдарға арналған «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өткізілді.

Жәрмеңкеге 98 мекемеден 206 бос жұмыс орындары ұсынылып жалпы 63 адам қатысты.

Айта кетсек, тұрақты жұмыс орындарына 12 азамат, жастар практикасына 13 азамат, шағын несие алуға 3 азамат, «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқуға 3 азамат, ақылы қоғамдық жұмысқа 15 азамат жолдамаларын алып, жұмысқа орналасуға жәрдем алса, жәрмеңке барысында 17 азаматқа бағдарламаны түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.