Түркістан: Сайрамдық отбасыға демеушілер үй салуда

Түркістан облысы Сайрам ауданының бір отбасы бақытқа кенелді. Сайрамдық отбасыға демеушілер үй салып берді. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.


Түркістан облысы Сайрам ауданының жаны жомарт азаматтары мұқтаж отбасын баспанамен қамтуға ниет білдіріп отыр.

Бүгінгі таңда демеушілер есебінен Хамдам Хадиметовтің жанұясына Қарамұрт ауылдық округі, Низамабад елді мекенінен 5 бөлмелі үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Баспана құрылысы осы  жылы қараша айында аяқталады деп күтілуде.

Айта өту керек, үйдің құрылыс жұмыстарын Зульфия Өмірзақова бастаған «Нур Ихсан» қоры қаржыландырған. Отағасы Хамдам – мал бағушы, әйелі — үй шаруасында. 3 баланы тәрбиелеп отырған аз қамтылған отбасы тозығы жеткен, апатты жағдайдағы 1 бөлмелі үйді паналап отыр. Қазіргі таңда жаңа үйдің есік-терезелерін орнатуға тапсырыс берілген. Сондай-ақ, жылу жүйесі мен ауыз су мәселесі де өз шешімін табады. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.