Түркістан: Сарыағаш ауданында аудандық деңгейде сенбілік өтті

«Айналаны таза ұстау – тұрғындардың міндеті!!!». Сарыағаш ауданы тұрғындары осылай есептейді.


Аудан тазалғына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлық болып табылады. Бүгін қоршаған ортаның экологиялық тазалығын сақтау мақсатында аудан әкімдігінің бастамасымен аудандық деңгейде сенбілік тазалық жұмыстары жүргізілді.

Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сенбілікке қала, кент және ауылдық округі әкімдіктері, бюджеттік мекемелер қызметкерлері және ауыл тұрғындары атсалысты. Өткізілген сенбілік жұмыстарында республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды тазалау, қураған ағаш бұталарын кесу, талдарды ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.

Жалпы аудандық сенбілік мақсаты-аудан көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған.

«Ауданның әр тұрғыны өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұл олардың өңір тазалығына қосқан үлесі. Барлық аудан тұрғындарын тазалыққа шақырамыз!»,-дейді Сарыағаш ауданы әкімдігінің мамандары. 

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.