Түркістан: Сарыағаш ауданында мемлекеттік бағдарлама жұмысы жандануда

Сарыағаш ауданында мемлекеттік бағдарлама жұмысы жандануда.


Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласының тұрғыны 01.5.1975 жылы туылған Көптұрғанов Қанат Еркінбайұлы «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде 2020 жылы «Атамекен» ҰКП тарапынан ұйымдастырылған «Бастау бизнес» жобасында кәсіпкерлік негіздерінде оқып сертификат алады. Ал, 2021 жылы жаңа бизнес-идеялар үшін берілетін 583 400 теңге көлеміндегі мемлекеттік грантқа қол жеткізді. Қазіргі таңда тұрғылықты мекен жайы бойынша аяқ киім жөндеу шеберханасын ашып, өз кәсібін дөңгелетуде. Аталмыш кәсіпке әрдафым сұраныс көп екенін айтады ол.

 «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде кәсібін дөңгелеткен тағы бір азамат — Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылдық округінің тұрғыны. 1991 жылы туылған Асанов Нурсултан Артыкулы «Еңбек» бағдарламасының үшінші бағыты шеңберінде 2020 жылы «Аспаз» мамандығы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуды бітіріп, 2021 жылы жаңа бизнес-идеялар үшін берілетін 583 400 теңге көлеміндегі мемлекеттік грантқа қол жеткізді. Қазіргі таңда тұрғылықты мекен жайы бойынша қоғамдық тамақтандыру орнын ашып, өз кәсібін дөңгелетуде.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.