Түркістан: Түлкібастық мемлекетік қызметкерлер 100 пайыз екпе салдырған

Түркістан облысына қарасты аудан тұрғындарының ішінде екпе салдырушылардың қатары артып келеді.


Түлкібас ауданы әкімдігінің аппараты мен дербес бөлімдер және ауылдық округ әкімдіктерінде барлығы 205 мемлекеттік қызметкер бар. Аталған мекемелерде індетке қарсы ұжымдық иммунитет қалыптастыру мақсатында белгіленген санаттағы мемлекеттік қызметкерлер толығымен екпе алған. Тек қана қоғамдық денсаулық сақтау министрлігінің бекіткен санаттағы 8 қызметкер екпе алудан босатылған (жүкті әйелдер, науқас және мүгедектігі бар қызметкерлер).

Қазіргі таңда аудан аумағында екпе егу пунктерінде 28 470 азамат екпенің І-ші компонентін, 18 924 тұрғын ІІ-ші компонентін алған. Соңғы тәулікте қосымша 970 тұрғын коронавирус инфекциясына қарсы екпенің бірінші және екінші компонентін салдырған.

Айта кету керек, Түлкібас ауданында коронавирус инфекциясына қарсы ұжымдық иммунитет қалыптастыру мақсатында 13 екпе егу пунктерінде 25 медициналық бригада тұрғындарға екпе егу жұмыстарын жүргізуде.

Бұдан бөлек, үш жылжымалы бригада елді мекендерді аралап, үйінен шыға алмайтын тұрғындардың үйіне барып екпе егу шараларын жүзеге асыруда.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.