Түркістан: Түлкібас ауданында 23 көше ағымдағы жөндеуден өтуде

Аудан әкімі Нұрлан Байғұттың 2020 жылдың қорытындысымен аудан тұрғындарының алдында берген онлайн есебінде тұрғындар тарапынан айтылған өтініштердің біршамасы тозығы жеткен және асфальт төселмеген көшелерді реттеу мәселесі болатын.


Аталған көшелер толық зерделеніп, бүгінгі таңда кезек күттірмейтін 34,6 шақырымды құрайтын 23 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүзеге асуда.

Аталған көшелердің ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталған жағдайда аудан аумағындағы елді мекендердің ішкі көшелерінің қанағаттандырарлық жағдайы 84 пайызға жақсарады(қазіргі таңда 68 пайыз).

Жөндеу жұмыстарының барысына жеке-жеке тоқталатын болсақ. Бүгінгі таңда 23 көшенің 6 көшесінде асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Атап айтатын болсақ

Кемербастау а/о, Майлыкент ауылы Саяжай, Бейбітшілік, Береке көшелерін орташа жөндеу (ұзындығы 2,2 шақырым);

Жабағылы а/о, Н.Қасымбеков көшесін орташа жөндеу (ұзындығы 2 шақырым);

Майлыкент а/о, Қарағашты ауылы Әл-Фараби көшесіне орташа жөндеу (ұзындығы 1,3 шақырым);

және ұзындығы 0,3 шақырым Рысқұлов а/о, С.Сейфулин көшесіне орташа жөндеу (ұзындығы 0,3 шақырым);

5 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Жаскешу ауылы, Наурыз, Оңалбеков көшелерін орташа жөндеу (ұзындығы 4,4 шақырым);

Тастұмсық а/о, Жыланды ауылы, Ақтоғай Шапағат көшесін (ұзындығы 1,1 шақырым);

Балықты а/о, Шарафкент ауылы Т.Рысқұлов көшесін орташа жөндеу (ұзындығы 1,6 шақырым);

Майлыкент а/о, Т.Рысқұлов ауылы «Жанкент» мөлтек ауданы көшелерін орташа жөндеу (ұзындығы 3,4 шақырым)

Төменде көрсетілген 12 көшеде жол жөндеу жұмыстары бекітілген өндірістік кестеге сәйкес ағымдағы жылдың қазан айына дейін аяқталатын болады

Майлыкент а/о, Т.Рысқұлов ауылы «Көкжайлау» мөлтек ауданы көшелерін орташа жөндеу (ұзындығы 3,2 шақырым);

Машат а/о, Еңбек ауылы Қажымұхан көшесін орташа жөндеу(ұзындығы 1,1 шақырым);

Машат а/о, Енбек ауылы Б.Момышұлы көшесін орташа жөндеу(ұзындығы 0,72 шақырым);

Балықты а/о, Ұрбұлақ ауылы Ерубаев көшесін орташа жөндеу (ұзындығы 1,5 шақырым);

Майлыкент а/о, Т.Рысқұлов ауылы Маматаев, Егіндік, Т.Рысқұлов, Кенлешек көшелерін орташа жөндеу (ұзындығы 1 шақырым);

Майлыкент а/о, Т.Рысқұлов ауылы Қонаев көшесін орташа жөндеу (ұзындығы 2,3 шақырым);

Майлыкент а/о, Т.Рысқұлов ауылы Жантуров көшесін орташа жөндеу (ұзындығы 1,2 шақырым);

Майлыкент а/о, Т.Рысқұлов ауылы Сейфуллин көшесін орташа жөндеу (ұзындығы 1 шақырым);

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. You’re truly a just right webmaster. The web site loading pace
    is incredible. It seems that you’re doing any unique trick.
    In addition, the contents are masterwork. you’ve performed a wonderful process in this subject!
    Similar here: dobry sklep and also here: Sklep

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.