«Түркістан — Түркі әлемінің бесігі» атты түркі елдерінің жастар саммитінің пленарлық отырысы өтті

Түркістанда «Түркістан — Түркі әлемінің бесігі» атты түркі елдерінің жастар көшбасшылары мен белсенділерінің Халықаралық саммитінің пленарлық отырысы өтті.


ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған басқосуда «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» идеясын ілгерілету мен мәдени туризм, бірлескен жастар лагерлерін ұйымдастыру мен жастар ұйымдарының ынтымақтастығы және т. б. бағыттар бойынша ынтымақтастық мәселелері тақыланды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған Саммиті онлайн және офлайн форматта өтіп, оған 300-ден астам адам қатысты. Жиында түркістілдес халықтарының өкілдері сөз сөйлеп, алқалы шараның маңыздылығын атап өтті. Форумға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев видео-байланыс режимі арқылы қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Өз сөзінде Мәулен Әшімбаев Түркістанның түркі әлемінің тарихында рөлі ерекше екеніне назар аударды. Ол көне шаһардың қайта түлеуі тұтас түркі әлемі үшін маңызды екенін тілге тиек етіп, мұндай қадам ортақ тарихымызды сақтауға және түркітілдес халықтардың қарым-қатынасын одан әрі нығайтуға ықпал ететін айтты. Сенат Төрағасы Елбасының тарихи шешімі мен Мемлекет басшысының қаланың дамуына ерекше көңіл бөлуінің арқасында Түркістан соңғы жылдары заманауи, көрікті қалаға айналғанын атап өтті.

«Қазіргі таңда көне Түркістанның жаңа бейнесі қалыптасуда. Шаһардың осындай жетістігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жасампаз шешімінің нәтижесі. Осыдан үш жыл бұрын Елбасы Түркістан облысын құру туралы тарихи Жарлыққа қол қойған еді. Содан бастап қаланың екінші тынысы ашылды. Түркістанды дамыту ісіне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев баса мән беріп келеді. Көктемде өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының саммитінде Түркістанның «Түркі әлемінің рухани астанасы» болып жариялануы соның жарқын көрінісі», – деді Мәулен Әшімбаев.

Жиында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева сөз сөйлеп, бүгінде түркітілдес елдер арасындағы қарым-қатынас белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. Осындай ауқымды жұмыстардың аясында түркі мемлекеттерінің жастары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселесі де басты назарда екенін жеткізді.

«Бүгінгі жастарымыздың өзара ынтымақтастығы мен достығы, біріккен бастамалары мен жобалары – біздің мемлекеттер арасындағы байланысты одан ары нығайтудың бірден-бір кепілі. Жастар саясатындағы ынтымақтастықты терең дамыту қашанда басты назарда. Бұл мақсатта біз жақында Түркия мемлекетімен жастар саясаты стратегиялық сессиясын өткізген болатынбыз. Нәтижесі мол жиында екі елге ортақ өзекті мәселелер қаралып, жастардың ресурстық Орталығы волонтерлік қозғалыс, әлеуметтік қолдау салаларында өзара тәжірибе алмасу жөнінде келісімге келдік. Осындай стратегиялық сессияларды қызығушылық танытқан барлық түркі мемлекеттерімен бірлесіп өткізу алдағы жоспарда бар. Сонымен қатар, бауырлас елдердің жастарына арналған Ясауи атындағы 50 гранттың бөлінуі – білім беру саласындағы әріптестікті жаңа деңгейге көтеріп, мәдени-ағартушылық кеңістікті кеңейтуге тың серпін береді деп сенемін. Бұл орайда, біз түркі елдерінің жас ғалымдарын осы және басқа да ғылыми жобалар аясында ынтымақтастық орнатып, бірлесе жұмыс атқаруға шақырамыз. Бұндай қадамдар – жас ғалымдар арқылы ғылыми байланысты жаңа деңгейге көтеріп, ортақ тарихымыздың өз елдерімізде кеңінен насиаттауға жол ашап еді,- деді Аида Балаева.

Жиында сонымен қатар ТҮРКПА Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов пен Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі және түркітілдес елдердің бірқатар белсенді жастары сөз сөйледі.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.