Түркістан: Төлеби ауданында жаңа саябақ салынуда

Түркістан облысы, Төлеби ауданында жаңа саябақ салынуда. Төлебилік тұрғын жаңа саябақтың құрылысын бастады.


Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Төлеби ауданы Жоғарғы Ақсу ауылдық округіне қарасты Сарқырама елді мекенінің тумасы Төлтебаев Мұрат бүгінде ауылға кіреберіс жерде жаңа саябақтың құрылысын бастап кетті. Айта өткен жөн, жоба құны 700 млн теңгені құрайды.

Бүгінде саябақтың құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Жаңадан ел игілігіне берілетін саябақтың жер көлемі 1,5 гектарды құрайды. Ауыл тұрғындарының демалыс орнына айналғалы тұрған саябақта аллеялар, фонтан, түнгі жарық, бассейндер, ашық аспан аясындағы мейрамханалар, орындықтар және өзге де қызықты дүниелер бар. Сондай-ақ, саябақ аумағында қырым ағаштары, көлеңке түсіретін тал-теректер, көздің жауын алатын әсем гүлдер отырғызылған.

Ауыл көркіне ажар беру мақсатында қоршауларға ауданның керемет табиғат көріністері, аң-құстардың суреттері ілінген.

Демек, жақын арада төлебиліктер жаңа нысанның қызығын көреді деп жоспарлануда.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.