Түркістан облысында балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды

Түркістан облысының Қарабұлақ ауылында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды.


Аталған орталық «Дара» қорының, «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының және Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының серіктестігі нәтижесінде жүзеге асырылды.

Мұнда әрбір бала мен оның отбасы дефектолог, психолог, логопед, сурдопедагог музыкалық-ырғақтық сабақтарына қатысады. Олар психологиялық дамуына қолдау көрсететін басқа да мамандар тобынан білікті көмек ала алады. Қажетті заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған орталықта емдік дене шынықтыруға арналған кешендер мен монтессори бөлмесі, балама коммуникация құралдары бар. Сондай-ақ, дидактикалық және әдістемелік материалдар және баланың дамуына жан-жақты баға беруге және өткізілетін сабақтардың тиімділігіне мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз ету де бар.

«Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерін ашу (ППТК) – инклюзивті қоғам құру жолындағы маңызды қадам. Жыл сайын бір түзету кабинеті әртүрлі диагноздары бар 150-ден астам балаға қызмет көрсете алады. ППТК-де балалар мен олардың отбасыларына қызметтер тегін көрсетіледі. Біздің Қордың қолдауымен бүкіл Қазақстан бойынша, Қарабұлақта ашылған ППТК-ні қоса алғанда 15 түзету кабинеті және 16 ресурстық орталық ашылды», – дейді «Samruk-KazynaTrust» қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев. Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының мәліметінше, Сайрам ауданында ерекше білім беру қажеттілігі бар 3552 бала тұрады. Оның ішінде 1 676-сы мүмкіндігі шектеулі бала.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.