Түркістан облысында 206 100 адам COVID-19 індетіне қарсы вакцина салдырған

Түркістан: 200 мыңнан астам адам вакцина қабылдады.


Соңғы тәулікте 2875 адам екпе қабылдаған. Оның 23 726 медициналық қызметкер болса, 47 817 педагогтар мен 7226 құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Бұдан бөлек, өзге топтағы 100 мыңға жуық адам коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдырды. Облыста ақпан айынан бастап екінші компонентпен (ревакцинация) 75 400 адам вакцина салдырды.

Соңғы тәулікте Түркістан облысында 39 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,62 % құрайды. Жалпы облыста пандемия белең алғалы 740 мыңға жуық ПТР-сынамалары алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 3119 адам тексерілді. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 1200 орын бар, олардың 798-і бос.

Аймақта бүгінде жалпы 23 мыңнан астам медицина қызметкері бар. Оның 5000-нан астамы дәрігерлер, қалғандары орта буын мамандары. Дәрігерлердің көмегімен қауіпті індетті жұқтырған 5740 науқас толық жазылып шыққан. Жалпы, пандемия басталғалы Covid-19 инфекциясы расталған 6249 жағдай тіркелді. Олардың 4111-да ауру симптомсыз өткен болатын.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 77-бабына сәйкес, кез келген медициналық ем-шара, оның ішінде вакцина салу тек адамның келісімімен ғана жүзеге асады. Вакцинадан бас тартқандар әкімшілік не қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, екпе егердің алдында сіз арнайы параққа қол қою арқылы вакцинадан бас тартып немесе салдыруға келісім бересіз.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.