Түркістан қаласында топырақ жолдардың саны азаяды

Биыл Түркістан қаласы әкімдігінің «Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» тарапынан топырақ жолдардың пайызын азайта отырып, тас төселген көшелердің саны мен сапасын арттыру жұмыстары іске асады.


Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Осы мақсатта, қала аумағында 286,4 шақырымды құрайтын 300 көшеге тас төсеу жұмыстары жоспарланған болатын. Қазіргі таңда, Баянауыл елді-мекеніндегі 10,8 шақырымды құрайтын 13 көшеге, Тұран мөлтек ауданындағы 27,7 шақырымды құрайтын 34 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Сауран мөлтек ауданындағы 6,5 шақырымды құрайтын 5 көшеге тас төсеу жұмыстарын жүргізу үшін жер төсемін тегістеу жұмыстары жүргізілді. Ал, Тұран мөлтек ауданындағы 53,5 шақырымды құрайтын 40 көшеге де жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Жалпы, Түркістан қаласында 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. Оның 301,0 шақырымы яғни 35,6 пайызы асфальт, 286,4 шақырымы — 33,9 пайызы топырақ, 257,6 шақырымы – 30,5 пайызы тасжол болып табылады.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.