Түркістан қаласы төтенше жағдайлар басқармасы тарапынан тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жаз айында суға шомылу маусымының басталуына байланысты «Тұңғыш Президент саябағында» Түркістан қаласы төтенше жағдайлар басқармасы тарапынан тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


Облыс орталығы мен оның аумағындағы су айдындарында күшейтілген жұмыстардың мән-жайы жайлы Түркістан қаласының төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Бақытжан Мұздақбаев былай түсіндірді:

– Бүгінгі таңда Түркістан қаласы аумағындағы Қарашық өзені мен басқа да су айдындарында ескерту, үгіт-насихат жұмыстарын күшейтудеміз. Себебі, суға шомылу маусымы басталғалы бері Түркістан облысы бойынша 24 адам суға батқан жағдайлар тіркелді. Осыған байланысты полиция қызметкерлерімен бірлесе суға шомылу кезінде судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау бойынша суға шомылушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізудеміз. Көбінесе судағы бақытсыз оқиғалар қауіпсіздік қағидала­рына немқұрайлы қарауы себебінен болып жатады. Әрбір адам шомылуға баратын су айдынының қауіпті орындары мен ерекшеліктерін білуге тиісті, жабдықталмаған және шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түсуге қатаң тыйым салынады. Суға шомылу маусымы кезінде су нысандарында қайғылы жағдайды болдырмау мақсатында балаларды өз еркімен өзен, канал жағалауына жібермеу қажет екенін ескертеміз, – деп сөзін қорытты азаматтық қорғау подполковнигі Б.Құдайбергенұлы.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.