Шымкентке кіреберіс көпір қасбеті жаңаруда

Шымкентке кіреберіс көпір қасбеті жаңаруда. Бұл туралы бүгін Мұрат Әйтенов Instagram парақшасында хабарлады.


– Шымкенттің оңтүстігінен кіреберісіндегі көпірдің қасбетін өзгерту мәселесін мамандармен талқыладым. Қалаға кіреберіс ерекше, заманауи мегаполиске кіріп келе жатқаныңды сездіретіндей болу керек деп есептеймін,-деп жазды қала басшысы әлеуметтік желіде.

– Сонымен қатар, Республика даңғылындағы жөндеу жұмысының не үшін жүргізіліп жатқанын түсіндіре кетейін. Көптеген тұрғын бұл мәселеге сынмен қарауда.

Байқасаңыздар, жолдың бөлу жолағының екі жағынан да арналар орнатылуда. Жауын-шашын кезінде жауын суы сол арналарға құйылады да, жолды су басу болмайды. Бұл жүйені Байтұрсынов көшесінде байқап көрдік. Соңғы жауын кезінде жұмысы аяқталмаған екі аумақты қоспағанда мұнда су басу жайты болған жоқ, деп атап өтті қала басшысы.

Сондай-ақ, осыған дейін  Шымкентте жалпы ұзындығы 241,24 шақырымды құрайтын 27 каналдың бар екенін жазған болатынбыз. Биылғы жаңаратын 11 каналдың бірі ұзындығы 10 шақырымды құрайтын «Өтеміс» каналы. Бұл су арнасында күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Сметалық құны 545 млн.тг құрайды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.