Шымкентте «Бірге – таза Қазақстан» акциясы өтті

5 маусым — Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Шымкентте «Бірге- таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті.


Акция аясында қала әкімдігі, тұрғындар жалпықалалық сенбілікке шықты.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мәселен, Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы және оған қарасты дендросаябақ және «Жасыл белдеу» мекемелерінен 58 адам қатысты. 7 техниканың көмегімен 7 шақырым жолдың бойы тазаланды.

Сондай-ақ, тазалық шарасынан Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен еріктілері де тыс қалмады. Елуге тарта жас Желтоқсан көшесінің бойында арық-атыздар және жаяу жүргіншілер жолдарын қоқыстардан тазартты.

Сондай-ақ, жалпықалалық сенбілікке Еңбекші ауданынан 4500- ден аса адам қатысты. Олар сенбілік барысында аудандағы 17 көшенің бойын, 2700 метр аяқжол, 5,3 шақырым ирригациялық арықтарды қоқыстан тазалады.

50-ге жуық ағаштың өскен бұтақтарын қырқып, 5600 шаршы метр жердің шөбін орды. 15 техника жұмылдырылу арқылы 111 текше метр қоқыс қала аумағынан шығарылды.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.