Шымкентте 1500 дана жаңа қоқыс жәшігі қойылды

Шымкент қаласында қоқыс тастауға ыңғайлы жәшіктер қойыла бастады. Қазіргі таңда олардың 1500-ден астамы орнатылды.


Қоқыс жәшігі пластиктен жасалған. Тұрғындар және тазалықшылар үшін де жаңа контейнерлер қоқыс тастауға және жинауға ыңғайлы. Жаңа қоқыс контейнерлері басқа контейнерлерге қарағанда ыңғайлы. Арнайы қақпақтары жеңіл қалдықтардың ұшып кетуінен, шашылуынан қорғайды және жағымсыз иісі шықпайды.Қатты тұрмыстық қалдықты игеру, кәдеге жарату және қайта өңдеу бағытындағы жұмыстарды кезең-кезеңімен жүзеге асыруды айтқан қала басшысы М.Әйтенов ең алдымен үй қалдықтарын сұрыптап, эко-контейнерлерге жинау қажеттігін айтты.

Осы орайда, Grееn line компаниясының өкілі қала басшысына эко-контейнердің бір нұсқасын ұсынып, қоқысты өңдеудің өзіндік жүйесін көрсетті. Мұнан бөлек, бұл салада бірнеше жылдан бері қызмет етіп келе жатқан «ОрионНовТех» компаниясының да ұсынысын талқылады.Жиын барысында Мұрат Дүйсенбекұлы қаладағы қоқыс жинау жүйесіне, әсіресе жер үйлердің көше бойына қалдықтарын шығарып тастайтынына көңілі толмайтынын жеткізді. Сондықтан, қоқыс жинаудың жаңа алгоритмін жасауды тапсырды.

Сондай-ақ, әкім түрлі контейнерлер қойып, бизнесті мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы қайта өңдеумен айналысуға ынталандыру керек екенін айтып өтті.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.