Шымкент: Абай ауданының тұрғындары «Таза аула» акциясына қолдау көрсетті

Шымкент қаласы, Абай ауданының тұрғындары «Таза аула» акциясына қолдау көрсетті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Абай ауданындағы сенбілік жұмыстары хрестиян мазараты аумағында өткізілді.

Сенбілік барысында мазарат ішіндегі бей-берекет қоқыстар мен қураған ағаш бұталарын қырқу және жол бойындағы шөптерді қырқу жұмыстары атқарылды. Аяқ жолдарға су себіліп, шаңнан тазартылды.

Мазараттардың күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу мақсатында бүгінгі таңда 17 мазараттың құжаттары заңдастырылып мемлекеттік актісі алынған. Қалған мазаратардың құжаттары әзірленуде. Жалпы бұл ауданда 24 мазарат бар.

Аталған жұмыстарға 8 техника, санитарлық тазалықпен айналысатын мекеменің 31 қызметкері және аудан тұрғындары қатысты.

Бұдан бөлек, көп қабатты тұрғын үй аулаларында тұрғындардың қатысуымен «Таза аула» аясында тазалық жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, 5 маусым — Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Шымкентте «Бірге- таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Акция аясында қала әкімдігі, тұрғындар жалпықалалық сенбілікке шықты.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.