Шымкент: Білім саласының қызметкерлері COVID -19 вирусына қарсы екпе ектірді

Шымкентте білім саласының қызметкерлері COVID -19 вирусына қарсы вакцина салдыруда, — деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкентте қалалық білім басқармасының және басқармаға қарасты мемлекеттік білім беру мекемелерінің қызметкерлері коронавирусқа қарсы екпені салдыруды жалғастыруда.

Осыған дейін білім саласында жұмыс істейтін 8 мыңға жуық қызметкер вирусқа қарсы вакцина алған. Бұл жалпы қызметкерлердің 30 пайызын құрап отыр. Басқарма тарапынан қызметкерлер арасында қауіпті індетке қатысты вакцинацияны жаппай салдыру бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары атқарылып жатыр. Сонымен қатар, індеттің ушығуына байланысты басқарма ғимаратында және білім беру ұйымдарында күнделікті карантин талаптарын күшейту бағытында тиісті іс-шаралар жүргізілуде.

Бүгін бір күннің ішінде 1 мыңнан астам қызметкер вакцинацияланды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1010 орын бар (қалалық инфекциялық орталық-490, Атамекен клиникасы-450, Орынбай ГБОО-70 орын), төсек орын толымдығы 34%-ды құрайды, 657 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 353 науқас емделуде (КВИ-210, пневмония- 131, ЖРВИ- 12), жансақтау бөлімінде — 19 (7 ИВЛ, 12- НИВЛ).

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.