Шымкент: Кәсіпкерлікті қолдау шаралары шеңберінде 725 жобаға жеңілдетілген несиелер ұсынылады

Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Дүйсебеков Береке Талғатұлы шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің ADAL KOMEK жобасында тікелей эфир арқылы сұхбат берді.


Бүгінгі таңда шағын және орта бизнес субъектілерін дағдарыс жағдайында қолдау мақсатында арнайы жоба әзірленіп, бекітілді.
Кәсіпкерлікті қолдау шаралары шеңберінде 725 жобаға жеңілдетілген несиелер ұсыну арқылы 3760 жұмыс орны сақталып, 940 жаңа жұмыс орындары құрылатын болады. Ал жұмыспен қамту бағдарламарын жүзеге асыру нәтижесінде 15 233 адам жұмыспен қамтылып, кәсіпкерлік сауаттылықты арттыру бойынша 3176 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады деп жоспарлануда.

Жобада дағдарыс нәтижесінде неғұрлым зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілері анықталып, олардың қызметін қалпына келтіру және жаңа кәсіпорындар құру үшін мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жеңілдетілген несиелер беру, кәсіпкерлердің қолданыстағы несиелерін қайта қаржыландыру, отандық тауар өндірушілерді ынталандырып, жаңа жұмыс орындарын құру, кадрларды даярлау және қайта даярлау. микроқаржы ұйымы мен «Бизнес үшін үкімет» орталығын құру және кәсіпкерлік субъектілерін сервистік қолдау сынды қолдау шаралары қарастырылатын болады.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. You are really a excellent webmaster. The web site loading
    speed is amazing. It sort of feels that you’re doing any unique trick.

    Furthermore, the contents are masterpiece. you have done a fantastic task in this topic!
    Similar here: sklep and also
    here: Zakupy online

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.