Шымкент: Көпбалалы аналарға арналған компьютерлік курста 45 ана компьютерлік сауаттылығын арттырды

Шымкентте көпбалалы аналарға арналған компьютерлік курсқа сұраныс артуда. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығында мамыр айынан бастап көпбалалы аналарға арналған тегін компьютерлік курстар ашылған болатын. Осы уақыт аралығында курста 45 ана компьютерлік сауаттылығын арттырды. Оларға орталық маманы Ұлықбек Қожабеков дәріс береді.

Басқарма қызметкерлерінің айтуынша аналар арасында оқу курсына сұраныс артуда. Себебі, көп балалы аналарға бұл компьютерлік оқу курсында электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) ашу және Egov.kz порталында жұмыс істеуді үйренуге басымдық беріледі. Өйткені, қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің көпшілігі Egov.kz порталы арқылы алынатыны белгілі.

Айта кетейік орталықта аналар алаңсыз білім алуы үшін балалар бөлмесі де жасақталған. Балаларын өздерімен ертіп келулеріне болады. Орталық Шымкент қаласы, Бәйдібек би даңғылы, 32 а ғимаратында орналасқан.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.