Шымкент: Сайрам тұрғын алабында инсульт орталығы ашылды

Шымкент қаласы Сайрам тұрғын алабында инсульт орталығы ашылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабындағы № 3 қалалық аурухана базасында тәулік бойы қызмет ететін II деңгейлі инсульт орталығы ашылып, науқастарға жедел медициналық көмек көрсетілуде.

Жаңадан ашылған орталықта дәрігерлер инсульт алған науқастарға емдеу шаралын жүргізуде. Аурухана базасында ауыр халдегі науқастарға жедел медициналық көмек көрсету үшін жаңадан компьютерлік томография, ИВЛ, т.б., аппараттары орнатылған. Сондай-ақ, емдеу мекемесінде жоғары дәрежелі білікті невролог, нейрохирург мамандары жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда аурухананың инсульт орталығында 38 науқасқа медициналық көмек көрсетілген. Оның ішінде 31 науқас ишемиялық, 7 науқас геморрогиялық инсульт диагнозымен емделді. Сондай-ақ, 7 науқас жан сақтау бөлімшесіне өте ауыр жағдайда түскен, ем қабылдау барысында жағдайы жақсарып нейроинсульт орталығына ауыстырылды. Және 4 науқасқа ота жасалды.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Hey! Do you know if they make any plugins to assist with SEO?
    I’m trying to get my blog to rank for some targeted keywords but I’m
    not seeing very good gains. If you know of any please share.

    Thank you! I saw similar art here: List of Backlinks

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.