Шымкент: Сауда орталықтарынан вакцина салдыру пунктілері ашылады

Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлім етті.


– Шымкент қаласында ерікті түрде коронавирусқа қарсы вакцина алушылардың саны көбейді. Яғни, бүгінге дейін 46 656 адам екпе қабылдады. Олардың 9 570-і – медицина мамандары, 11 752-сі – мұғалімдер, 4 738-і – полицейлер, 3 332-сі – созылмалы ауруға шалдыққан науқастар, ал 1 326-сы студенттер болса, қалғандары – басқа да санаттағы азаматтар. Бұл ретте халыққа бар жағдайды жасау мақсатында вакцина егу пунктілерін көбейтіп, салдыру уақытын ұзарттық, – деді Б.Позилов.

Спикердің сөзінше, үшінші мегаполисте вакцина салдыру 38 егу пунктінде жүргізіліп отыр. Олар күнделікті сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істеуде. Оған қоса, бүгін қаланың сауда орталықтарында вакцинациялау жұмыстары басталған. Яғни, №1 қалалық емхана мамандары таңертеңнен «Әмбебап сауда орталығының» (ЦУМ) қызметкерлері мен дүкенге келуші азамматтарға вакцина салуда. Айрықша жеткізетін жайт, бұл шара жалғасады. Ендігі кезекте 19 сәуірден бастап «Мега» сауда орталығы мен базарларда егу пунктілері ашылады.

Еске салсақ, коронавирусқа қарсы шығарылған вакцина адамға күш-қуат беретін дәрумен болмағандықтан, оны салдыру оразаны бұзбайды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері пәтуа шығарған.

Бақытжан Жолдасбекұлының айтуынша, Шымкент қаласында эпидемиологиялық ахуал қалыпты болып тұрған жоқ. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 119 жағдайы тіркелген. Осы орайда қаланың Бас дәрігері шаhар тұрғындарына барлық санитарлық талапты сақтауға шақырды.

Айта кетейік, вакцинация бойынша сауалдарға байланысты «109» немесе 39-33-47 нөміріне хабарласуға болады.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. Melhor aplicativo de controle parental para proteger seus filhos — Monitorar secretamente secreto GPS, SMS, chamadas, WhatsApp, Facebook, localização. Você pode monitorar remotamente as atividades do telefone móvel após o download e instalar o apk no telefone de destino.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.