Шымкент: Шұғыла шағынауданы сапалы интернетпен қамтылды

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, елді мекендерді сапалы интернетпен қамту бағытында жұмыстар жалғасуда.


Жыл басынан бері 11 елдімекен сапалы интернетпен қамтамасыз етілді.

Соның бірі мыңнан астам тұрғыны бар «Шұғыла» шағынауданы сапалы интернетке қосылды. Қала әкімінің орынбасары М.Исахов елді мекен тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстарды баяндап өтті.

Қазіргі таңда «Шұғыла» елдімекені 100 % талшықты оптика желісімен қамтылған. «i-LinkNet» ЖШС тарапынан 1000-ға жуық үйге талшықты оптика желісі арқылы 60 шақырым абоненттік кабель тартылып, 4000-ға жуық адамды сапалы интернетпен қамтуға мүмкіндік жасалды. Енді тұрғындар өтінім білдіріп, үйлеріне қостырулары қажет.

200 Мбит/сек жылдамдыққа дейінгі кеңжолақты интернет желісіне қостыру үшін I-Shymkent.kz немесе 87753952902 (WhatsApp ) нөмірі арқылы өтінім қалдыра алады.

Сонымен қатар, алдағы уақытта, «i-LinkNet» компаниясы арқылы Самал-3 шағынауданын 100 % талшықты оптика желісімен қамту жоспарлануда.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. Grâce au programme de surveillance parentale, les parents peuvent prêter attention aux activités de téléphonie mobile de leurs enfants et surveiller les messages WhatsApp plus facilement et plus facilement. Le logiciel d’application s’exécute silencieusement en arrière-plan de l’appareil cible, enregistrant des messages de conversation, des émoticônes, des fichiers multimédias, des photos et des vidéos. Il s’applique à tous les appareils fonctionnant sur les systèmes Android et iOS. https://www.xtmove.com/fr/how-to-track-and-read-someones-whatsapp-messages-calls-location/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.