Шымкент қаласында вакциналау жұмыстары белсенді жүргізілуде

Шымкент: Өткен тәулікте 10 мыңға жуық адам вакцина салдырды.


Өткен тәулікте қалада 9 901 адам вакцина салдырды: I компонент – 8868, II компонент – 1033. Егу науқаны басталғалы барлығы 112 814 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 13 482 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

30 сәуір күні КВИ-дің 105 жағдайы тіркелді (белгілері бар — 68, белгілері жоқ — 37). 23 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 82 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда төсек- орын толымдығы 42 % пайызды құрайды.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы тұрақты бақылауда. Өткен тәулікте 451 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 11 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Шымкент қаласында вакциналау бекеттерінің саны артып келеді. Әр апта сайын вакцина дозалары жеткізілуде. Ендігі кезекте тұрғындарды жаппай екпе егуге қатысуға шақырамыз. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.