Шымкент: Cақтық шараларын жадымыздан шығармайық

Қалада эпидемиологиялық ахуал қалыпқа түсіп, шектеу шаралары жеңілдетіліп жатыр.


Осыған байланысты көптеген нысан ашылып, халықтың қарапайым тіршілігі қайта жандана бастады. Қуантарлық жағдай. Бірақ бұл ретте маңызды ескеретін жайт бар. Ол — сақтық шаралары. Яғни, əр азамат санитарлық талаптарды жадынан шығармауы керек. Босаңсуға əсте болмайды. Өйткені қауіптің беті əлі қайтқан жоқ.

Нақтылап айтсақ, санитарлық нормаларды сақтағаныңыз, қоғам үшін маңызды. Шындығында сақтық шаралары — қарапайым ғана дүниелер. Мəселен, бетперде тағу, арақашықтықты сақтау, қолды тазалап жуу, антисептикті жиі пайдалану жəне адам көп шоғырланатын орындардан бас тарту. Осы қарапайым талаптарды бəріміз орындасақ, індетті іргемізден шығарып, таралуын толық тыяр едік.

Қорыта жеткізсек, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дəрігері карантиндік режимді текке созып отырған жоқ. Бəрі де халықтың жағдайы үшін істелінуде. Сол себепті шығарылған шешімдерге түсіністікпен қарап, тиісінше, шектелген шараларды толық орындауымыз керек.

«ANYQ.KZ»ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.