Шымкент: «Zhasyl zher» мекемесі қызметкерлері екпе салдырды

Коронавирус инфекциясын жеңудің бірден-бір жолы – екпе салдыру.


Бүгінде қалада көптеген мекемелер ұжыммен бірге екпе алуға белсенді қатысуда. Қазіргі жағдайда вакциналау өте маңызды.

Бүгін Шымкент қаласының «Zhasyl zher» ЖШС қызметкерлері де ұйымдасқан түрде вакциналауға қатысты. «Zhasyl zher» ЖШС – Қаратау ауданы аумағындағы орталық маңызға ие және ішкі орам көшелері, аулаларға санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізетін мекеменің бірі.

Аталған мекеменің 50 қызметкері ерікті түрде вакцина салдырды. Сондай-ақ, қызметкерлер барша қала тұрғындарын індеттің алдын алу мақсатында ерікті түрде екпе алуға шақырды.

Қалада вакцина жеткілікті. Егу бекеттерінің де саны кезең-кезеңімен артып отыр.

Шымкент қаласында өткен тәулікте 8 058 адам вакцина алды: I компонент – 7 280, II компонент – 778.

Егу науқаны басталғалы барлығы 103 360 адамға екпе салынды. Оның ішінде 12 358 адам вакцинаның екі компонентін алған.

Айта кету керек,қалада вакцина жеткілікті.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.