Әл-Фараби ауданы: Тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстарына ағымдағы жылы 171,2 млн теңге қаржы қаралды

Бұл туралы аудан әкімі тікелей эфир барысында хабарлады.


2021 жылы демеушілер есебінен 7 спорт алаңшасын орнату жоспарланған.

Бүгінде оның 2-уі тұрғындардың пайдалануына берілді. Қазіргі таңда Әлімбетов көшесі № 45в және Текесу тұрғын алабында 2 ашық спорт алаңшасы орнатылып, тұрғындарға пайдалануға тапсырылды. Одан бөлек, 5 ашық спорт алаңшасын жыл соңына дейін орнату жоспарланып отыр. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 9 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстарына ағымдағы жылы 171,2 млн теңге қаржы қаралды. Бүгінде мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде, – деді аудан әкімі.

Рашид Мамытұлының айтуынша, биыл ауданда 24 көпқабатты тұрғын үйде мүлік иелерінің бірлестігі, 77 тұрғын үйде жай серіктестік құрылды.

Аудан аумағында санитарлық тазалықты қадағалау – басты назарда. Мердігер мекемелер («Нұреке Азия Бизнес» ЖШС-і, «Айдынбек» ЖШС-і) бекітілген кестеге сәйкес, аптасына 4 рет, ал жеке секторда 2 рет тазалық жұмыстарын жүргізуде

Аудан әкімі эфир барысында тұрғындардың жол құрылысы, ойын алаңшалары, атаулы әлеуметтік көмек, инфрақұрылымға байланысты қойылған сұрақтарына жауап берді. Айта кетерлігі, тікелей эфирге жалпы 1100 қала тұрғыны қосылды.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.